Кейн Мбаппеден жақсы, ол бірінші болып 50 гол соғады

Гарри Кейн

Сенбі күні «Бавария» қонақта Хайденхаймнан 2:0 есебімен алға шыққанымен, соңында 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Мюнхендіктердің бір голын шабуылшы Гарри Кейн соқты. Ағылшын осы маусымда Еуропаның бес ірі лигасында гол+пас жүйесі арқылы барлық турнирлерде 50 ұпай жинаған алғашқы ойыншы болды. Қазіргі уақытта Кейннің еншісінде 38 гол және 12 нәтижелі пас бар.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе осы маусымда 47 голға пас берді (39 гол + 8 нәтижелі пас). Ал, Мбаппе 39, ал Кейн 37 матчқа қатысқан.

«Бавария» келесі ойынын 9 сәуірде Чемпиондар лигасы аясында «Арсеналға» қарсы өткізетінін қосамыз.

Гарри Кейн